«ERG Exploration» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 100 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2024 жылғы 22 мамырдағы № 2668-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында орналасқан, жалпы аланы 3036,6299 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2030 жылғы 22 мамырға дейінгі мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: