Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 Қаулысы
(2014.07.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3, 13-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының теңгерім ұстаушысы болып анықталсын.
3. «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
_______________________ З. Сағынов
«24» маусым 2013 жыл
Атырау облысы әкімдігінің 2014.07.11. № 338 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Облыс әкімдігінің
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 249 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының
тізбесі