ҚР СТ ISO 25475-2017
Тыңайтқыштар
Аммиакты азотты анықтау
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Принципі
5. Реагенттер
6. Аппарат
7. Сынамаларды іріктеу және үлгіні дайындау
8. Процедура
8.1 Ерітіндіні дайындау
8.2 Ерітінді сараптамасы
8.3 Бос сынақ
8.4 Бақылау сынағы
9. Нәтижені есептеу және ұсыну
10. Дәлдігі
10.1 Зертханааралық сынақ
10.2 Қайталанушылық
10.3 Жаңғыртушылық
11. Сынақ хаттамасы
А қосымшасы (ақпараттық) Зертханааралық сынақ нәтижесі
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт аммиакты азот тыңайтқыш әдісінің мөлшерін анықтайды. Бұл әдіс барлық азот тыңайтқыштарында қолданылады және күрделі тыңайтқыштарда, азотты аммонийтұздары түрінде немесе аммоний тұздарының нитратпен қосылыстарында кездеседі.
Осы стандарт тыңайтқыштар несепнәр, цианамид немесе басқа да органикалық азотты қосылыстарда қолданылмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет. Күні қойылған сілтемелер үшін сілтемелік нормативтік құжаттың тек аталған басылымы, күні қойылмаған сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың тек соңғы басылымы (барлық өзгерістерін қоса алғанда) қолданылады.
ISO 3696:1987 Water for analytical laboratory use. Specification and test methods (Зертханалық талдауға арналған су. Техникалық талаптар және сынау әдістері).
ISO 14820-2:2016 Fertilizers and liming materials - Sampling and sample preparation - Part 2: Sample preparation (Тыңайтқыштар мен әк материалдары. Сынамаларды іріктеу және үлгілерді дайындау. 2-бөлім. Үлгілерді дайындау).
BS EN 12944-1:2000 Fertilizers and liming materials. Vocabulary. General terms (Тыңайтқыштар мен әк материалдары. Сөздік. 1-бөлім. Жалпы терминдер).
BS EN 12944-2:2000 Fertilizers and liming materials. Vocabulary. Terms relating to fertilizers (Тыңайтқыштар мен әк материалдары. Сөздік. 2-бөлім. Тыңайтқыштарға қатысты терминдер).
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта EN 12944-1 және EN 12944-2 бойынша терминдер қолданылады.
4. Принциптері