«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2021 жылғы 21 қазандағы № 654 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
Мемлекеттік мекемелердің тізбесінде - Департаменттің аумақтық органдары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 180-қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: