«Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 7 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11559 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
аталған Бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
аталған Бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
аталған Бұйрықпен бекітілген 1, 2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті: