«Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 340 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Л.Ә. Әділова) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (А.Б. Кәрібозова) бірлесе отырып, белгіленген мерзімде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптамалық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Қ. Ергалиев |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 456 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрдің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 340 бұйрығына қосымша
Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы
| Аблеметов Ерболат Бектұрғанұлы | - | «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлім басшысы, Комиссия мүшесі; |
| Абылайұлы Абай | - | «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамы профессорының ассистенті, Комиссия мүшесі (келісу бойынша); |