Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығы
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 263 бұйрығымен
бекітілген
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
үлгілік жоспар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.