Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1293 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасы бекітілсін.
2. Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетте терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға көзделетін қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын
пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу
ҚАҒИДАСЫ