2019-2021 жылдарға арналған Атырау қаласына қарасты ауылдық округтер бюджеті туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 302 шешімі
(2019.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес және қала әкімдігінің 2019-2021 жылдарға арналған Атырау қаласына қарасты ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы ұсынысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2019.29.03. № 349 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2019-2021 жылдарға Ақсай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 30 496 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 16 612 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттердің түсімдері - 4 445 мың теңге;
2) шығындар - 21 057 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -9 439 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 439 теңге;
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9 439 теңге.
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2019.29.03. № 349 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2019-2021 жылдарға Атырау ауылдық округінің бюджеті тиісінше 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 45 505 мың теңге, оның ішінде: