«Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 9-9 шешімі
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2808 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |
Жамбыл облыстық мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 9-9 шешіміне қосымша
Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың
тізбесі
| Р/н | Қатынастың атауы | Қатынастың түрі |
| Ауданаралық қатынастар |
| 1. | Тараз-Шығанақ | Ауданаралық |
| 2. | Шу-Мойынқұм-Ақбақай | Ауданаралық |
| 3. | Тараз-Жаңатас (Тамды арқылы) | Ауданаралық |
| 4. | Досбол-Тоғызкент-Үшарал-Тараз | Ауданаралық |
| 5. | Жайылма-Саудакент-Тараз | Ауданаралық |
| 6. | Жаңатас-Тараз | Ауданаралық |
| Сарысу ауданы |
| 1. | Жаңатас-Жайлаукөл | Ауданішілік |
| 2. | Орталық базар аялдамасы-Шоқай Датқа | Ауданішілік |
| 3. | 5-шағын аудан-«Ертегі әлемі» дүкені аялдамасы-Әулие ата көшесі | Қалаішілік |
| 4. | Жаңатас-Игілік-Саудакент | Қалаішілік |