«Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларының 12, 13, 17, 19, 21, 24, 27, 28, 31, 35 және 36-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға әңгімелесу парағының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініштің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнаманың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтердің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салудың нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес өтініштерді тіркеу журналының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берушінің материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеру актісінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің «Өрлеу» жобасына қатысуына учаскелік комиссия қорытындысының нысаны;