Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығы
(2024.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысының 4-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.14.07. № 261 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 546 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесі;
1-1) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесі;
3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесі;