Көкпекті ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 шешімі
(2023.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында және жергiлiктi және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, Көкпекті ауданының әкiмi ШЕШТI:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Көкпекті ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері құрылсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Көкпекті ауданы әкімінің кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.
3. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы Мустафинова Шолпан Нургазиновнаға жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2022.29.12. № 2 шешімімен (2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2023.04.12. № 3 шешімімен (2023 ж. 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Көкпекті ауданы әкімінің
2020 жылғы 11 желтоқсандағы