Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығы
(2018.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас прокурорының 2017.14.07. № 70 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 134 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Бас Прокурорының 2018.04.12. № 134 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас прокурорының 2017.14.07. № 70 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 134 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Академияның ректоры осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
ҚР Бас прокурорының 2017.14.07. № 70 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |