«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № А-5/193 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/572 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5225 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесінде:
«Ақкөл ауданы» тарауындағы:
реттік нөмірі 27-жолы алынып тасталсын;
«Барлығы: 38» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 37» сөзіне және цифрларына ауыстырылсын;
«6485,5» цифрлары «5863,5» цифрларына ауыстырылсын;
«Бурабай ауданы» тарауындағы: