Жас ғалымдарға пәтер бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 қазандағы № 482 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 23-01-46.1 хаттамасының 6.1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары үшін пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссияның құрамы құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары үшін пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссияның ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына пәтерлерді бөлу үшін жас ғалымдарға қойылатын талаптар белгіленсін.
4. Ғылым комитеті «Астана-20» мемлекеттік қоры беретін, одан әрі жас ғалымдарға беруге арналған пәтерлерді қабылдауға жауапты ұйымды айқындасын.
5. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қойылатын талаптарға, сондай-ақ осы ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық шешімімен мақұлданған талаптарға сәйкестігін ескере отырып, жас ғалымды тиісінше іріктеу кезінде ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына дербес жауапкершілік жүктелсін.