Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
2-қосымша
«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
(2016.08.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12825 болып тіркелген).
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Қағаз жеткізгіште берілген, тіркеу күні және оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабан қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық, қағаз түрінде.
Порталға жүгінген кезде - лицензиялық, сублицензиялық шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелердің іс-қимылы тәртібін сипаттау