Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 45-8 шешімі
Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13-5 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облыстық мәслихатының сессия төрағасы | А. Едильбаев |
| Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |
Жамбыл облыстық мәслихатының
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 45-8 шешіміне қосымша
Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қалалық
және қала маңындағы жолаушылар қатынастарының
тізбесі
| № | Қатынастар |
| 1 | №1 «Арай алқабы - Қызыл Жұлдыз ауылы» |
| 2 | № 3 (түнгі) «Жансая ықшамауданы - Автобекет» |
| 3 | №4 «Малдарбеков көшесі - Ауыл Береке базары» |