Успен ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы
Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 147/30 шешімі
(2025.25.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қос беріліп отырған Успен ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Успен аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Бараисов |
Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2025.30.04. № 157/32 шешімімен жоспар жаңа редакцияда (2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Успен аудандық мәслихатының
2025 жылғы 18 наурыздағы
№ 147/30 шешімімен
бекітілген
Успен ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспар
1-тарау. Жалпы ережелер