2025-2027 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 233-33/5 шешімі
(2025.29.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025.06.03. № 249-35/5 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.06. № 279-39/5 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.29.09. № 300-42/6 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 268 770,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 39 662,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0;
трансферттердің түсімдері - 299 108,0 мың теңге;
2) шығындар - 299 609,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -30 839,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 30 839,0 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 30 839,0 мың теңге.
2. Қалалық бюджеттен Қызылжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2025 жылға - 139 837,0 мың теңге, 2026 жылға - 178 563,0 мың теңге, 2027 жылға - 182 757,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2025 жылға арналған Қызылжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.