Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 298-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 2 маусымдағы Қоршаған ортаны қорғау және рационалды табиғат пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) қазақстандық тарапының құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 34-Ө, «Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 366-Ө бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 298-Ө бұйрығымен
бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) қазақстандық тарапының
құрамы