Введите номер документа
Прайс-лист

«Қандыағаш - Мақат республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 140 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 29 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 24 мая 2025
Дата последнего изменениявторник, 29 апреля 2025

Қандыағаш - Мақат республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 140 бұйрығы

 

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қандыағаш - Мақат учаскесі (бұдан әрі - км) 100+000 - 480+525 км (А-27) II санатты республикалық маңызы бар жалпы ортақ пайдаланымдағы Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға) автомобиль жолы (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізінде пайдаланылады;

2) өткел баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: «Қандыағаш - Ақтөбе -Орал - Атырау - Мақат» республикалық маңызы бар автомобиль жолы;

3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 100+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 480+525 км;

4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр;

автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны - екі бағытта - 1 жолақ;

6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 380 км 525 метр;

7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами