«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1156 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1156 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 332 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер