Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 17-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 36-127 шешімі
Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласы мәслихатының «Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-51 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қонаев қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер 40 046 492 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 22 904 591 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 2 917 383 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 334 075 мың теңге;
трансферттер түсімі 13 890 443 мың теңге;
2)шығындар 47 056 099 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 6 101 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 14 768 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 8 667 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5)бюджет тапшылығы (профициті) (-) 7 015 708 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 7 015 708 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 4 365 562 мың теңге;
қарыздарды өтеу 836 198 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 3 486 344 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылға арналған резерві 123 836 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қонаев қаласы маслихатының төрағасы | С. Нұрқадыров |
Қонаев қаласы мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 36-127 шешіміне қосымша
Қонаев қаласы мәслихатының
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 17-51 шешіміне 1-қосымша