«Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № а-7/197 Қаулысы
Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау ауданының әкімі | Н. Мукатов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 9 шілдедегі
№ а-7/197 қаулысына
қосымша
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ а-6/166 қаулысына
қосымша
Ерейментау ауданында барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1 | Ерейментау қаласы | Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 113. |
| Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 114. |
| Хабарландыруға арналған бағана, Шоқан Уәлиханов көшесі, 39. |
| 2 | Олжабай батыр ауылы | Ақпараттық стенд, Шәмшіт Байтуаров атындағы көшесі, 15. |
| 3 | Ынтымақ ауылы | Ақпараттық стенд, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 19. |
| 4 | Алғабас ауылы | Ақпараттық стенд, Шайкен Тұрсынбаев атындағы көшесі, 9. |
| 5 | Күншалған ауылы | Ақпараттық стенд, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, 8. |