Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 95 бұйрығы
(2023.12.02. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі - Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Г. Нурдаулетов |
Казақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 3 шілдедегі
№ 95 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Бас Прокурорының 2023.27.01. № 45 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.