Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы «Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 16 февраля 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 3 марта 2026
Дата последнего измененияпонедельник, 16 февраля 2026

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы «Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18 Қаулысы

 

Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы «Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 213149 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

М. Сұлтанғазиев

 

Алматы облысы әкімдігінің

2026 жылғы 16 ақпандағы

№ 18 қаулысына қосымша

 

Алматы облысы әкімдігінің

2025 жылғы 8 тамыздағы

№ 238 қаулысына 1-қосымша

 

 

№ п/п

Су объектісі

Су объектісінің су қорғау аймағының ені, метр

Су объектісінің су қорғау белдеуінің ені, метр

1

2

3

4

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами