«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № А-7/254 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 8С-3-8 бірлескен қаулысы мен шешімі
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Жусупов |
Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ А-7/254 мен