«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 322/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) екі кезеңді растау - абоненттің растаудың мынадай тәсілдерін: жеке кабинет, телефон қоңырауы, қысқа мәтіндік хабарлама, USSD-сұрау салу не байланыс операторы ұсынатын өзге де техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қатарынан екі іс-қимыл жасауын көздейтін абоненттің байланыс қызметін ұсынуға келісімін растау рәсімі.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Байланыс операторлары мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдікті тарифтік жоспарлар ұсынады.
6-2. Қосымша ақылы телефон, ұялы байланыс қызметтері мен Интернетке қол жеткізу қызметтері абоненттің жазбаша өтініші бойынша немесе осы қызметті қосу үшін абоненттің екі кезеңді растауын пайдалана отырып, автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.»;
1-тармақтың тоғызыншы, оныншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: