Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 302 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Қарашөкеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 302 бұйрығымен бекітілген
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормалары
| № | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Сандық мәндегі норма | Пайдаланылу мерзімі, жыл | Қолданылу саласы | Таралу саласы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1-тарау Көлік құралдарының заттай нормалары |
| 1 | Жеңіл автокөлік | дана | 1 | 7 | Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізу үшін | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті |