Арыс қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 26 маусымдағы № 313 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Арыс қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
Арыс қаласы әкімінің
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 313 қаулысына қосымша
Арыс қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
| № | Нақты орналасу орны | Қызмет саласы | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
| 1 | Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, «Мед-Лайф Б» дәріхананың алдында | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 20 | 5 | «Мерей» маркет |
| 2 | Арыс қаласы, Әль-Фараби көшесі 3Б ғимаратына қарама-қарсы | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 15 | 5 | «Айсұлтан» дүкені |