«Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 208 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 340 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 159 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 233-НҚ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 208 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 340 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбесі осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі | Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |