ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.28.06. № 46/қе бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
«Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.28.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 болып тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.