Ұлытау облыстық мәслихатының IX сессиясының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 144 шешімі
ШЕШТІ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының IX сессиясының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190686 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 136 930 213 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 45 568 999 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 771 270 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттердің түсімдері - 89 589 944 мың теңге;
2) шығындар - 139 676 113 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 13 075 418 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 15 464 203 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 388 785 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -15 821 318 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 15 821 318 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 664 203 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 411 732 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 568 847 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының XVI
сессиясының 2024 жылғы
5 шілдедегі № 144 шешіміне
1 қосымша
Ұлытау облыстық
мәслихатының IX
сессиясының 2023 жылғы
13 желтоқсандағы
№ 95 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған облыстық бюджет
| Санаты | Сома (мың теңге) |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | І. КІРІСТЕР | 136 930 213 |