«Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 284 бұйрығы
Құрылымдық және кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.Ә. Байжанов) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (М.М. Алпысбай) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптамалық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 15 маусымдағы
№ 284 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 456 бұйрығымен
бекітілген
Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы
Технология және техникалық ғылымдар
| Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы | - | «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының бірінші проректоры (келісім бойынша) |
| Бекбаев Қайрат Серікжанұлы | - | «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) |
| Құндызбаева Назигүл Жұмақанқызы | - | «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының аға оқытушысы (келісім бойынша) |