Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXXII сессиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 шешiмi
Осы редакция 2021 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 812 650 498 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 604 326 641 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 398 659 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 64 128 399 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 142 796 799 мың теңге;
2) шығындар - 793 629 617 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 6 123 746 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 14 817 696 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 15 020 096 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -1 920 561 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 920 561 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан;
әлеуметтік салықтан;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;