2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысының міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 9 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Т. Әбілмәжінов |
Согласовано
16.01.2025 16:22 Куманова Гульфира Болеухановна
16.01.2025 16:38 Дауенов Ернур Нурланович
16.01.2025 18:07 Оспан Еділ Сабырұлы
16.01.2025 19:10 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна
16.01.2025 19:35 Нұрлан Нұрсұлтан
17.01.2025 15:15 Давлет Тимур Владимирович

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
аппарат басшысының
міндетін атқарушы
бұйрығына қосымша
« ___» _________ 2025 жыл
2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша
бақылау іс-шараларының жоспары
Бақылау іс-шаралары барысында қаралатын мәселелердің тізбесі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу фактілері;