Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығы
(2022.01.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 244-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларының 8-тармағына, тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне инспекциялау жүргізу мақсатында, сондай-ақ тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне инспекциялау принциптеріне тиісті фармацевтикалық практикаларына оқытуға байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мына бұйрықтары жойылсын:
1) «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 329;
2) «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 17 шілдедегі № 237.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының м.а. 2022.01.12. № 441-НҚ бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасының