Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 108 шешiмi
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 108 шешіміне қосымша
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген).
2. «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 «2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 962 болып тіркелген).
3. «Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1090 болып тіркелген).