Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы III сессиясының №64 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 397 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы III сессиясының № 64 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3917 тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдедегі №120 (22225) «Орталық Қазақстан», №98-99 (22043-22044) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, 2016 жылғы 1 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Т. Тілемісов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2019 жылғы 28 ақпандағы
ХХІІІ сессиясының № 397 шешіміне
қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы
III сессиясының № 64 шешіміне
1-қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастар
тізбесі
| № | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) |
| 1 | 2 |
| 1 | №146 «Қарағанды-Абай» |
| 2 | №121 «Қарағанды-Шахтинск» |