Биологиялық қатерлерді басқару әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 86 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биологиялық қатерлерді басқару әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі | С. Нурбек |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі 2024 жылғы
26 ақпандағы
№ 86 бұйрығымен бекітілген/
Биологиялық тәуекелдерді басқару
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер