«Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-2 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-1 шешімімен күші жойылды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6346 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | Б.Қонысбаева |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2022 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 13-2 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облыстың мәслихатының
2020 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 37-2 шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер