Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 59 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 50 бірлескен бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 21 февраля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 21 февраля 2025
Дата последнего измененияпятница, 21 февраля 2025

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 59 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 50 бірлескен бұйрығы

 

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖҰЖ 20-тармағын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың 2025 жылғы 5 қаңтардағы 21-01/01-102-1//658 20-т тапсырмасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда тауарлық кредиттер беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері және Жол картасын орындауға жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын Жол картасының орындалуы туралы хабардар етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.

5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

А. Сапаров

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

С. Жақыпова

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2025 жылғы 21 ақпандағы № 59 және

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2025 жылғы 21 ақпандағы № 50

бірлескен бұйрығына

қосымша

 

 

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі

ЖОЛ КАРТАСЫ

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами