Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № А-3/79 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 20 ақпандағы №03-06-70 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарда залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:
1) Жарқайың ауданы, Отрадный ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
2) Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылдық округі, залалданған ауданы - 150 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
3) Қорғалжын ауданы, Қарашалғын ауылдық округі, залалданған ауданы - 615 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;
4) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі, залалданған ауданы - 540 гектар жатаған (қызғылт) укекіре.
5) Целиноград ауданы, Мәншүк ауылдық округі, залалданған ауданы - 0,46 гектар далалық арам сояу.
2. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржықпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 9 наурыздағы
№ А-3/79 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша