Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 10/86 шешімі
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Мусаев |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 10/86 шешіміне 1 қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 46/515 шешіміне
1 қосымша
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын