«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 13/НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті туралы» (бұдан әрі - Ереже) республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 555/НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.