Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы және ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттерін және жерлерді аймақтау жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 7-15 с шешімі
(2025.06.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2 тармағына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттерін және жерлерді аймақтау жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекаралары 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекеннің жер учаскелеріне түзету коэффициенттері 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| VІ шақырылған ХV сессия төрағасы | К. Егімбаева |
| Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Кәдіров |
Уәлиханов аудандық маслихатының
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 7-15 с шешіміне 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

Уәлиханов аудандық мәслихатының
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 7-15 с шешіміне 2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының бағалау аймағының шекарасы
| Аймақтың № | Аймақ шекарасының сипаттамасы |
| I | Кішкенекөл ауылының солтүстік жерін алып жатыр. Батыстан, солтүстік пен шығыс аумақтарынан шекара аумағы Кішкенекөл ауылы өтеді, оңтүстік жақтан шекара Абылай хан көшесінен өтеді. |