«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы
Кәсіпкерлік мәселелері жөиіндегі сараптама кеңесініц
құрамы
| Ербол Қуанышұлы Тасжүреков | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға; | | |
| Жанар Тасболатқызы Маханова | - Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры, төрағаның орынбасары; |
| Ербол Еркінұлы Есенеев | - «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша); |
| Серік Нарсұлтанұлы Ыбыраев | - «Агросақтандыру ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша); |