Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 шешімі
(2023.28.07. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 135/15 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» № 167/21 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5553 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының сессия торағасы | М. Желнов |
| Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Калижанова |