2024-2026 жылдарға арналған Круглоозерный кентінің бюджеті туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-5 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Орал қаласының Круглоозерный кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 524 602 мың теңге:
салықтық түсімдер - 23 190 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 746 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі - 500 666 мың теңге;
2) шығындар - 524 602 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2024 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 7-2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
3. 2024 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджетінде жоғары тұрған органдардан 324 294 мың теңге сомасында трансферттер түсімі және қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 176 372 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын мен қызметтерді тауарлармен өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгіленген тәртіпте пайдаланылады.